«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

Федоров аудандық орталық кітапханасына қарасты «Парасат Жолы» орталығында ауыл жастарының «Федоров ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарас пен нөлдік төзімділікті және оны көрсетудің әртүрлі нысандарын қалыптастыру болды.

Қызықты танымдық ақпаратта қонақтар қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары, себептері мен тәсілдері туралы айтып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді, түрлі сыбайлас жемқорлық жағдайларының мысалдарын келтірді және олар үшін қандай жаза  қолданылатынын айтты.