Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Тәуелсіздік белгісімен» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, 1986 жылғы қайғылы желтоқсан оқиғалары, желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолдары және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы маңызы туралы кітаптар ұсынылған.