«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 7-сынып оқушыларынан бастап Баннов модельді ауылдық кітапханасында «А. Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көшбасшысы» тақырыбында әдеби бет өткізілді. Кітапханашы қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы, ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығының көпке беймәлім беттері туралы айтып берді. Оның шығармалары ұсынылған тақырыптық сөресі іс-шараны толықтырды.