«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

Федоров орталық аудандық кітапханасы Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Даңқты ауыл еңбеккері!» тақырыптық кешін өткізді. Іс-шараға қонақ ретінде «Пфунт» шаруа қожалығының басшысы Татьяна Яновна Пфунт және жеке кәсіпкер Паладуца Юлия Равкатовна, сондай-ақ 9-сынып оқушылары мен ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері шақырылды. Қонақтар шаруа еңбегінің жетістіктері мен қиындықтары туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Федоров ауыл шаруашылық колледжі директорының орынбасары Дәулет Есболсынұлы Бермағамбетов балаларға Федоров ауыл шаруашылығы колледжінде оқытылатын мамандықтар туралы айтып берді. А. И. Пилипенко мен Е. Запорожанның орындауында ән орындалды. Іс-шара тақырыптық фильммен, бейнероликпен, «Біз сізге еңбегіңіз үшін рахмет айтамыз» кітап көрмесімен толықтырылды. Іс-шара соңында қонақтарға естелік кәдесыйлар табысталды.