«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

Біз әр түрліміз, бірақ біз біргеміз

16.11.2022

Парасат жолы

16 қарашада Халықаралық толеранттылық күні атап өтіледі. Бұл күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары М. Мәметова атындағы ЖББМ-тің 5-7 сынып оқушыларына «Біз әр түрліміз, бірақ біз біргеміз» толеранттылық сабағын өткізді. Іс-шараның басты міндеті «толеранттылық» ұғымымен, толеранттылық қағидаттарының Декларациясымен танысу, толеранттылықтың негізгі белгілерін анықтау, толерантты мінез-құлық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру болды. Іс – шарада «Толеранттылық – бұл...», «Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол», «Біз әр түрліміз, бірақ біз біргеміз» атты мультимедиялық презентациялар көрсетілді. Балалар толеранттылық туралы, әртүрлі тілдердегі толеранттылықты түсіну, «толеранттылық» терминінің танымалдығы туралы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Толерантты тұлғаның ерекшеліктері мен толерантты қарым-қатынастарға көп көңіл бөлінді.