«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Туған өлкенің ағартушы ұлы» әдеби қонақ бөлмесінде кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға педагог, публицист А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы айтылды, «Жұртыма», «Анама хат», «Современное бытие казахов» өлеңдері оқылды, сондай-ақ ұлы ақынға арналған музыкалық нөмірлер орындалды. Іс-шараны «А. Байтұрсынұлының мұражайы» бейне-сюжеті толықтырды.