«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

15 қарашада Федоров орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері оқырмандардың назарына Оразалиндер отбасы қатысқан «Отан – отбасынан басталады» бейне – репортажын ұсынды. Отбасы басшысы Дархан Төлеуханұлы мен оның жұбайы Мәдина Халыбайқызы балаларды жастайынан достық, патриотизм, жақындары мен туған жеріне деген сүйіспеншілік сияқты сезімдерді тәрбиелеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Отбасында үш қыз тәрбиелеп отыр, олар әлі кішкентай болса да, ата-аналарымен бірге өз халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпына қызығушылық танытады, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарайды. Дәл осындай отбасылар гүлденген мемлекеттің негізі болып табылады.

Сілтеме: https://ok.ru/video/4801838125398