Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары кітапханашы Э.Губская және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А. Абдуахитова болды. Іс-шараның басында мектеп алды даярлық сыныбының оқушылары мен 2-сынып оқушылары үшін Г.А. Абдухитова әженің рөлінде «Бауырсақ» ертегісін қазақ тілінде оқыды. Іс-шараның жалғасы ертегі кейіпкерлерінің рөлдерімен сахыналанды. Іс-шараның соңында әже барлық қонақтарға бауырсақ таратты. Жас оқырмандарға әжемен кездесу ұнады және олар жаңа кездесулерді қуанышпен асыға күтеді.