Балаларға ойын бөлмесі ерекше ұнады, себебі онда олар үлкен қызығушылықпен кітаптар мен журналдарды қарап, үстел ойындарын ойнады. Кітапханашы біздің балалар үшін қазақ тілінде қызықты викториналар мен жұмбақтар дайындады. Әрбір жас оқырман көтеріңкі көңіл-күйде кетті. Біздің жас оқырмандарымыз оқылымға деген сүйіспеншілігін ұзақ жылдар бойы сақтап қалады деп үміттенеміз. Кітапхана жаңа оқырмандарды күтеді. 11 адам қатысты.