Ойынның басында қазақ әліпбиінің даму тарихына саяхат жүргізілді. Ойынға үш топ қатысты, олардың әрқайсысы қазақ тілін таңдады. Топтар сұрақтарға жауап берді, латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып әр түрлі тапсырмаларды орындады. Олардың жұмысы әділ қазылар алқасымен бағаланды. Іс-шара латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі туралы презентация арқылы көрсетілді. Ойын көңілді болды, ойынға қатысушылар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Ойынның соңында қазылар алқасы қорытындысын шығарды және жеңімпазды анықтады. Топтарға мадақтау қағаздары тапсырылды, әр қатысушы тәтті сыйлық алды.