Виртуалды саяхат «Қазақстанның қасиетті картасы» тақырыбындағы презентация мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бейнематериалымен басталды. Қатысушылар еліміздегі барлық қасиетті нысандардың бес тобымен және де барлық жалпыұлттық қасиетті нысандар енген «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедиясының бірінші томымен таныс болды. Саяхат соңында кітапханашы Қостанай облысының киелі жерлеріне толықтай тоқтап, Амангелді Имановтың жерленген жері мен Кейкі батыр, Ыбырай Алтынсарин, Әбдіғаппар Жанбосынұлы, Барақ Қарабалуанұлы кесенелері көрсетілген бейнематериал ұсынды. Қатысушылар тақырыпты талқылауда белсенді ат салысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара мемлекеттік тілде өткізілді. 20 адам қатысты.