Баннов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы 3-сынып оқушыларымен Алғыс айту күніне орай «Жүректі жылытар мейірімділік» атты алғыс сабағын өткізді. Іс-шара басында кітапханшы мерекенің тарихына тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айтып берді. Содан кейін балалар «алғыс» сөзінің синонимдерімен және олардың өз өмірлеріндегі әрекеттері үшін алғыс алған жағдайларымен бөлісті. «Алғыс гүлін» тапсыра отырып, олар туған мемлекетіне, Елбасына, Қазақстанның барлық халқына елімізде балалардың амандығы мен өсіп-өркендеуі үшін жасалынып жатқан игі істері үшін алғыстарын білдірді. Гүлдерге жазылған жылы сөздердің көмегімен олар көктемнің мейірімді, жарқын мерекесін білдіретін гүлденген «Алғыс ағашын» жинады.