«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Пандемиямен бетпе-бет келген кезде біз дәрігерлер жұмысының қаншалықты маңызды екендігі туралы жиі ойлана бастадық. Олар біздегі ең құнды нәрсе – денсаулық пен өмірді сақтайды. Федоров орталық аудандық кітапханасының «О» уақыты онлайн жобасы аясындағы библиогидтің кезекті саны дәрігерлердің жұмысына арналды. Пайдаланушылардың назарына медицина қызметкерлері туралы үздік кітаптар ұсынылды. Бұл кәсіпқойлық, адалдық, парыз және адамдық қасиет жайындағы тарих. Олар өмірдің құндылығын еске түсіріп, медицина қызметкерлерінің қиын жұмысын баяндайды. Кітаптардың ішінде Ф.Угловтың «Хирургтың жүрегі», М.Булгаковтың «Жас дәрігердің жазбалары», Л.Улицкаяның «Кукотскийдің ісі», В.В. Вересаевтың «Дәрігердің жазбалары», Ю.Германның «Менің қымбатты адамым», Ю.Бондаревтің «Ыстық қар», А.Марининаның «Үзілген жіптер», В.Кавериннің «Ашық кітап» трилогиясы, және т.б. Жүргізушілер кітаптардан үзінділер оқып, олардың авторы мен шығарманың өзі туралы айтып, оқырмандарды кітапханаға келіп, осы кітаптармен танысуға шақырды.

Сілтеме: https://ok.ru/video/3967411620438