«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 17.12.25

1 наурыз күні Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т.Ф.Иванова А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ тілі мұғалімі Ж.А. Шакибаевамен бірлесіп «Ұлт ұстазы» атты әдеби кешін  өткізді. Іс-шараға 9 және 11 сынып оқушылары қатысты. Балалар Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына онлайн экскурсия жасап, жазушының өмірбаянымен және оның мұрасымен танысты, қазақ тілінде өлеңдер оқыды. Іс-шараның қорытындысы – Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл өмірі қазақтың өзін-өзі жетілдіруіне, мәдениетін, білімі мен ғылымын дамытуға, ұлттың төл өнерін сақтап қалуға деген жалынды жанашырлыққа толы екенін ұғыну болды.