Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады. Әсіресе жастар арасында осындай алдын алу жұмыстарын жүргізу маңызды. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желілерде экстремистік әрекеттің көріністері, мақсаттары мен түрлері туралы ақпараты бар «Экстремизм – әлемге қауіп» тақырыбында тақырыптық ролигін орналастырды.