Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы 8 сынып оқушыларына Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауған сөзі-жалындаған от секілді» атты тарих сағатын өткізді. Іс-шара барысында «Ауғанстан қасіреті біздің жадымызда» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, презентация көрсетілді.«Ауғанстанда қаза тапқандар туралы» естелік кітабына толығырақ тоқталды. Іс-шара соңында қатысушылар жерлес жауынгерлерді құттықтады.