«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

2022 жылы Кенесары ханның туғанына 220 жыл толады. Кітапханашылар  қазақтың ұлы билеушісі, Абылай ханның ұрпағына арнап Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кенесары хандығы» тақырыбындағы тарих сабағын арнады. Кітапханашылар 8-9 сынып оқушыларына қазақ ханының өмірі мен қызметі туралы қызықты түрде айтып берді. Балалар Кенесары ханның өмір сүрген жылдары, яғни 19 ғасырдың бірінші жартысына тура келгенін білді. Кітапханашылардың әңгімесі дүниежүзілік тарихтың осынау қиын кезеңін көрсететін бейнероликпен толықтырылды, оған көптеген ірі және төтенше драмалық оқиғалар кіреді. Олардың аясында Кенесарының қызметі ерекше көрінеді. Ол бар күшін Қазақстанның бірігуіне, егемендігін қайтаруына жұмсады. Іс-шара соңында оқушылар Кенесары ханның өмірбаяны, көтерілісі мен саясаты туралы сұрақтардан тұратын қызықты танымдық викторинаға қатысты.