15 ақпан интернационалист жауынгерлерді еске алу күні болып жарияланды. Осыдан тура 33 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуы аяқталды. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары бұл датаға «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбындағы бейне-салонын арнады. Бейнероликте Ауған соғысының біртіндеп тарихқа еніп жатқандығы туралы айтылады. Бірақ бұл оқиға адам жадында әлі ұзақ уақыт ұмытылмайды. Қазіргі уақытта көптеген интернационалист жауынгерлер әртүрлі кәсіби салаларда жұмысын жалғастыруда Солардың біразы қазір біздің ортамызда жоқ. Біз солдаттар мен офицерлерді, өз антына адал болған, Отан алдындағы борышын өтеген барлық адамдарды еске аламыз!
Сілтеме: https://ok.ru/video/3930713557590