«Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы - 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсанда адам құқықтары күні аяқталатын халықаралық акция. 16 күн бойы дүние жүзінде мәдени-ағартушылық, қоғамдық және белсенді іс-шаралар өткізіледі, мақсаты – гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу, зардап шеккендерге көмек көрсету және проблемаларға назар аудару.Придорожный ауылдық кітапханасында «Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға қатысушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа ерекше назар аудару қажет деген өз пікірлерін білдірді .Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың бұл түрі адам құқығын бұзу болып табылады.