Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 30 жыл» атты кезекті кітап көрмесі кітапхана келушілерінің үлкен қызығушылығын тудырды.Онда бейбітшілік пен келісім саясатын, халқымыздың адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Кітаптарда біздің мемлекеттілігіміздің дамуының барлық кезеңдері, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық – саяси салаларда болып жатқан аса маңызды оқиғалар көрініс тапқан. Бірқатар кітаптар Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғалар туралы баяндайды, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы көтерілістің рөлі мен маңызын ашады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ел өміріндегі рөлі туралы баяндайтын материалдар бар. Оқырмандар Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елімізде болған өзгерістермен таныса алды.