Баннов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы 7 сынып оқушыларымен «Президент болу оңай ма?» патриоттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында балалар «Н.Назарбаев – таңғажайып өмірдің эскизі» бейнеролигін тамашалау арқылы Ұлт көшбасшысының өмірбаянымен танысты, Тұңғыш Президенттің саяси мансабы және оның республика Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы тыңдады.Ел президентінің қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы белсенді ойланып, «Президент болу - бұл ...» және т.б. тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті. Сағат соңында Тұңғыш Президентіміздің ұлт көшбасшысы, азамат, тұлға ретіндегі сан алуан қырларын ашқан «Ұлы тұлға және саясат» кітап көрмесіне шолу жасалды.