«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы

29.11.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «АӘҚКО» ММ-де тұратын тұрғындар үшін «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбында патриоттық сағатын өткізді. Биыл бүкіл ел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Кітапханашылар 30 жыл бойы елді басқарған адамның өмірінен 30 қызықты деректерді жинап, айта отырып, «Ұлт Көшбасшысы» тақырыптық бейнеролигін көрсетті. Іс-шара соңында кітапханашылар оқырмандарды «Уақыт. Тұлға. Адам» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысуға кітапханаға шақырды, онда ондаған кітаптар, көптеген мақалалар, хабарламалар, үндеулер бар.