4 қыркүйек күні аудандық орталық кітапханада кітапхана оқырмандарымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы талқыланды. Кітапханашылар жолдаудың негізгі тезистерін айтып, кейбіреулеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Тыңдаушылар бұл жолдаудың барлық бөлімдері біздің қоғам үшін өте маңызды және өзекті деген пікірге келді. Келушілер назарына «Қ. Тоқаевтың халыққа жолдауының 7 міндеті» атты тақырыптық сөресі ұсынылды.