Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы күніне орай 5 қыркүйек күні аудандық орталық кітапханада «Төрт маусым» клуб мүшелері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Отбасым – бақыт мекенім» атты кездесу өтті. Кездесуге психолог Т.А. Ступник шақырылды. Кітапханашылар шай дастарханының басында қатысушыларды отбасы күні мерекесімен құттықтап, отбасының мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, қатысушылар әзіл сынақтарға қатысып, сөзжұмбақтар шешіп, ата-аналары туралы естеліктерімен бөлісті. Психолог Татьяна Александровна отбасында үйлесімді қарым-қатынасты қалай сақтау керектігін айтып, көңілді тренинг өткізді. Іс-шара музыкалық бейнероликтермен сүйемелденді.