«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

15 мамырда Халықаралық Отбасы күніне Баннов ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Бүкіл отбасымен кітапханаға» отбасылық демалыс сағатын өткізді.

Іс-шараға отбасында балалары бар аналар: Коваль, Тихоплав және Колесниченко қатысты. Барлық қатысушыларға үй тапсырмасы берілді: «Отбасы визиткасы» және «Біздің кітап сөресі». «Визитка» кезінде аналар балалармен өз отбасы, отбасылық хобби және әуестіктері туралы айтып, фотосуреттерін көрсетті. Екінші тапсырмада отбасылық оқуға арналған кітап көрмесін ресімдеу ұсынылды. Содан кейін «Жеделхат», «Бұл кім деп ойлайсың» атты оқырман ой-өрісіне және оқу мәдениетіне арналған тапсырмаларды орындады.