«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Ер есімі-ел есенде

  8 мамыр күні Костряков ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Қостанай қаласындағы батырлардың көшелері» виртуалды саяхат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, Соғыс жылдарындағы қостанайлықтардың ерлігі мен батырлығы туралы білімді қалыптастыруға ықпал ету, Облыстың фашизмді жеңуге қосқан үлесі туралы білімді жинақтау. Кеңес Одағының Батыры – Отан қорғаушылардың есімдерін сақтап қалды: Л.И. Беда, И.Ф. Павлов, С.Б. Баймағамбетов,           И. Я. Сьянов, С.Н.Темиртаев,  Д. М. Карбышев,  олар туралы кітапханашы айтып берді. Әр оқырманға «олардың есімін жадыңда сақта» атты жаднамалар тапсырылды.