Бағдарламада құттықтаулар, ойындар, тәтті шәй, мерекенің шығу тарихы жайлы бейнероликтер, көңілді сюжеттер болды. Кітапхана қызметкерлері музыкалық нөмірлерімен әннен шашу шашты. Іс – шара еркін жағдайда өтіп, ақпараттық-ойын-сауық сипатында болды. Қонақтардың назарына "Әйел жарығы" атты көркем – безендірілген көрме ұсынылды, онда әйел әлемі, кәсіби қызметі мен әуестіктері, әйгілі әйелдер туралы әдебиеттер ұсынылды.