Іс-шараның мақсаты-балаларды қайырымды және ұлы адамдар болуға, татулыққа, бейбітшілік пен достықтың жарқын құндылықтарына ұмтылуға шақыру. Кітапханашы Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, Қазақстанда бейбітшілік, барлық қазақстандықтардың өзара сенімі мен құрметі орнаған президенттік бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін айтып өтті. Бұл қазақ жеріне және халқына деген үлкен құрмет. Кітапханада «Алғыс айту күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.