«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25

Қайырымдылық күні

 

    Алғыс күні қарсаңында Пешков ауылдық кітапханасында «Біз бір ағаштың бұтақтарымыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Кітапханашы қатысушыларға осы мерекенің шығу тарихы, қазақ халқының басқа халықтарға көрсеткен көмегі, Қазақстандағы тағдырдың еркі туралы айтып берді. Іс-шара барысында кітапханашы осы тақырыпты ашатын мынадай көркем шығармаларды ұсынды: Г.Бельгердің «Зов» және «Разлад» романдары, И.Щеголихиннің «Снега метельные», А. Штульбергтің «Бесқонақ» және т.б.  А.С. Вечерко өз отбасының тарихымен бөлісті. Отбасы Қазақстанға 1960 жылы Белоруссиядан келген, мұнда жас жұбайларды тату-тәтті қарсы алып, игеруге көмектесті. Әңгімені Новосибирск облысынан Қазақстанға келген Л.М. Доронина жалғастырды. Әңгіме барысында «дөңгелек үстелге» қатысушылардың барлығы республикамыздағы барлық этностардың толеранттылығы, достығы және құрметі ғана оны гүлденген, жоғары дамыған ел етеді деген пікірге келді.