«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25

Тың жерлер

     

  28 ақпанда "Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ Федоров аудандық орталық және балалар кітапханаларының кітапханашыларымен алғашқы тың игерушілермен кездесу кеші өткізілді. "Тың жерлер" кездесуі тың және тыңайған жерлерді игерудің 65 жылдығына арналған. Кездесуге интернат үйінің тұрғындары, тыңға қатысушылар, "Жас өлкетанушы" үйірмесінің мүшелері  қатысты. Қатысушыларға тың жерлерді игеру қалай басталғандығы туралы айтып, алғашқы тың игерушілердің өмірінен алынған фотосуреттер мен бейнероликтер көрсетілді. Соңында балалар мен тыңға қатысушылар Оберемко Федор Федорович және Петрушенкова Мария Яковлевналармен  белсенді диалог өтті .

  Уақыт көрсетіп отырғандай, тың игерусіз бүгінгі күні Қазақстан егіншіліктің тәуелсіздігіне ие болмас еді. Уақыт өзгерді. Біздің республикамыз дербес мемлекет болды, бірақ жер бізге және бізден кейін келетіндерге мұра болып қалады. Біз осы жерде қазіргі және болашақ үшін өмір сүре алатын және жұмыс істей алатын қамқор және рақымды қожайындар болуға тиіспіз.