Қазақстан жастарының жылына арналған "Жастар – Қазақстан үміті" интеллектуалдық – танымдық ойынын Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Димитров атындағы №1 ОМ-те өткізді. Ойын тоғызыншы сынып оқушыларының екі командасы арасында өтті. Жоғары сынып оқушылары командалық рух көрсетіп, Қазақстан тарихы, географиясы, мәдениеті және қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша білімдерін көрсетті. Ойын бойы әділқазылар алқасы жұмыс жасап, ол командалардың дұрыс жауаптарын қадағалады. Конкурс арасындағы үзілістерде әуен қойылып, бейнероликтер көрсетілді. Іс-шараны өткізуге интербелсенді тақта пайдаланылды. Ойын соңында жеңімпаздар командасы естелік кәдесыйлармен марапатталды. Сайыс ойыншыларға да, көрермендерге де ұнады. Іс-шараға 25 адам қатысты.