«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25

Ұлы даланың жеті қыры

       Федоров аудандық орталық кітапханада "Ұлы даланың жеті қыры"атты суретті кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрме құрылымы президент мақаласының бағдарламалық тармақтарына сәйкес жинақталған және бірнеше бөлімдерден тұрады: "Атқа міну мәдениеті", "Ұлы даладағы ежелгі металлургия", "Аң стилі", "Алтын адам", "Түркі әлемінің бесігі", "Ұлы Жібек жолы" және т. б. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды Елбасының мақаласында көрсетілген негізгі бағыттармен таныстырды. Атқа міну мәдениетінің, ежелгі металлургияның, ежелгі шеберлердің бұйымдарындағы аң стилінің, Есік қорғандарындағы, Ұлы Жібек жолында табылған олжалардың дамуы туралы кітаптар ұсынды. Көрмеде Қазақстанның алма мен қызғалдақтың отаны екені де көрініс тапты. Аудан тұрғындары мен оқырмандарын жыл бойы көрмені тамашалауға шақырамыз.