Аналар күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Ана жанының жарығы» кеш-қошеметін өткізді. Іс-шара барысында Федоров ауданы Аналар кеңесінің төрағасы А.О.Каракпаева мен Федоров ауданы әйелдер көшбасшылары клубының төрағасы К.В. Исенгазинаның құттықтау сөздері айтылды; Федоров балалар өнер мектебінің оқытушылары мен білім алушылары музыкалық нөмірлерді орындады; қатысушылар «Угадайка», «Ситуационные задачи», «Шеф - повар» викториналарына қатысты; караоке сүйемелдеуімен сүйікті әндерін еске түсірді. Сондай-ақ, Балалар өнер мектебінің жас суретшілері Аналар күніне арналған суреттер мен картиналарды ұсынды, кітапханашылар «Нұрға толы жүрек» кітап көрмесін безендірді.