23-сәуір күні, Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында, Федоров аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп ағымдағы жылы 80 жылдығын атап өткен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанұлы мен оның жолдасы, қауымдастырылған профессор Күлзада Мырзағалиевамен кездесу өткізді.
Кездесуге Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, Федоров ауданы әкімінің орынбасары Р.Г. Валеев, «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Д.Д. Сарсенбетов, Федоров ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Б. Қойшығұлов, Ажелер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты.
Кездесу сұхбат форматында өтті. Ақын өзінің өмірлік ісіне айналған шығармашылығы мен хоббиі туралы айтты. Сондай-ақ, Серікбай Оспанұлы мен Күлзада Мырзағалиева оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара «Жастар» аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы музыкалық нөмірлермен сүйемелденді. Жиналғандар С.Оспанұлының «Сағындым Алматымды», «Тобыл ағады» өлеңдерін жанды дауыста тамашалады.