Денсаулық – жеке әр адамның және жалпы барлық қоғамның баға жетпес байлығы. Федоров аудандық орталық кітапханасында рәсімделген «Берік денсаулықтың кішкентай қулықтары» көрмесінде ұсынылған кітаптар қандай әдістер, құралдар, әдістемеліктер өз денсаулығыңызды нығайтатындығын түсінуге көмектеседі.
Көрме үш бөлімнен тұрады: «Денсаулықты сақтау – ең басты дәрі» бөлімінде адам сенімді, пайдалы ақпаратты иемденіуі керек екендігі және оны қолдана білу керек екендігі туралы әдебиет бар. Зиян келтірмей өзгелерге және өзіңе қалай көмектесуге болатынығы туралы Д. Карпердың «Не Старей», Л. Лещинскийдің «Берегите здоровье», В. Михайловтың «Выбираем здоровье», В. Пичуевтың «Чтобы быть здоровым» және т.б. кітаптарында айтылған .
«Денсаулық – басты байлық» екінші бөлімі – бұл ұсыныс материалдары, кітаптары: Энциклопедия семейной жизни, Т. 1 - «Все для женщин» және Т.2 - «Все для мужчин», В. Дильман «Большие биологические часы», «Если хочешь быть здоров», және 2024 жылғы «Ай болит» журналы.
«Пайдалы кеңестер» атты үшінші бөлімде оқырмандар назарына кітапханада бар келесі журналдар мен газеттерден мақалалар ұсынылған: «Вестник ЗОЖ»№22, 2024; «Лечебные письма »№25, 2024; «Все для женщин», «Кудесница»; сондай-ақ кітаптар: Н. Коростелев «От А до Я», С. Мартынов «Овощи + фрукты + ягоды = здоровье», П.Гётна «Смертельно опасные лекарства » және т.б.