«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25
2025 жылы Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» науқаны аясында оқу үшін екі автордың туындылары ұсынылды: Тәкен Әлімқұлов және дүниеге келгенінен 90 жыл атап өтілетін Жұмекен Нәжімеденов. Федоров аудандық орталық кітапханасында олардың өмірбаяндарына, шығармашылығына, қоғамдық және кәсіби қызметіне арналған әдебиет, сондай-ақ авторлардың өздерінің туындылары: Т. Әлімқұловтың прозасы: «Ақбоз ат», «Вся жизнь впереди», «Музыкальная душа», «Шағармалары» 1-ден 8-томға дейінгі көптомдық кітабы және т.б; Ж. Нәжімеденовтың ақындық шығармалары: «Аспан Шақырады», «Үш томдық шығармалар жинағы», «Екі томдық шығармалар жинағы» және т.б. орналастырылған «Бір заманның екі дауысы» кітап көрмесі рәсімделді. Бұл авторлардың шығармалары өзектілігін уақыт өте келе жоғалтпай, оқырмандармен жүрек тілінде сөйлесіп келеді.