21 сәуірде Федоров орталық аудандық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Қасиетті орын – кітап елі» тақырыбында мерекелік іс – шара өтті.
Қонақтар «Кітап мұражайы» кітап көрмесінде ерекше, сирек кездесетін басылымдар туралы көп нәрсе білді; Федоров ауданының тарихынан белгісіз, қызықты фактілермен танысты, олар туралы өлкетанушы В. И. Романенко айтты; жергілікті авторлар Л. Г. Набок және Н. И. Прудниковамен кездесті; криминалистер мен тергеушілер жұмысының кейбір құпиялары туралы құқық қорғау органдарының өкілі Ю. Ю. Комиссаров таныстырды; сонымен қатар Ю. Р. Паладуцаның шеберлік сабағына қатысты; флора мен фаунаның бұрышына шағын экскурсия жасады. «Жастар» мәдениет үйінің қызметкерлері А. Бейбітхан, А. И. Пилипенко, Е. А. Запоражану өздерінің музыкалық әндерімен қуантты.
Кеш барысында қонақтарға «Тәтті дәм» библио-кафесінен тәттілер мен түрлі шайлар ұсынылды. Барлық тілек білдірушілер арнайы сельфи аймағында естелік суретке түсті. Іс-шара соңында естелік сыйлықтармен лотерея ұтыс ойыны өтті. Қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне көптеген жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.