Кітап және авторлық құқық күніне орай Первомай ауылдық кітапханасында «Өмірді кітаппен өткер» библиосумерки кеші өтті. Бұл кеште « Золотые россыпи » атты кітап көрмесі ұсынылды, мұнда кітаппен танысқаннан кейін кітап және оқу туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жинақтады. Содан кейін қонақтар– «Кітап көңіл-күйі» квест ойынына шақырылды. Мұнда балалар тергеу, іздестіру ойынына қатысты. Олар түсініксіз жолдан өтіп, жауаптарды кітаптардан іздеп, барлық анықтамаларды тауып, кодтық сөзді жинады. Олар викториналық сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті. Сол кеште әркім өзінің жанына жақын нәрсені тауып, көңілді кеш өткізді.