«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

Банновка ауылдық модельді кітапханасында кітапханашы Банновка  орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімімен бірлесіп 8 сынып оқушыларына  «Тіл – шешендік сөз» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Әр ұлттың тілдерін, салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, өз ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында тілдің дәнекер екендігін, халықтар арасындағы бірлік пен келісімді сақтауға көмектесетінін айтып, «Туған жеріңді білесің бе?» атты викторинасын өткізді.