«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

Кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар

12.04.2023

2023 жылдың 12 сәуірінде Федоров орталық аудандық кітапханасында «Ауылдық кітапхана бос уақытты өткізу және қарым-қатынас, шығармашылық қабілеттерді дамыту орталығы» тақырыбында аудандық кітапхана қызметкерлерінің кезекті семинары өтті. Костряков, Вишневый және Кенарал кітапханаларының кітапханашылары әріптестерімен ауыл тұрғындарының әлеуметтік-мәдени орталығы ретіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Олар ауылдық кітапхананың негізгі мақсаты – пайдаланушылардың ақпарат пен білімге еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету, балалардан қарттарға дейін ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін қалыптастыру және дамыту арқылы жүзеге асырылатын бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру екенін атап өтті.

Придорожный және Первомай ауылдық кітапханаларының кітапханашылары шығармашылық және көркемөнерпаздар бірлестіктерін ұйымдастыру жұмыстары туралы айтып өтті. «Федоров ауданының психологиялық-педагогикалық түзету басқармасы» КММ психологы Ружицкая Л.А. жүргізген «Эмоционалдық күйзелісті жою» психологиялық тренингі қызықты және танымды болды. Қатысушыларға жағымды эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыруға көмектесетін түрлі релаксация  жаттығуларын ұсынды.