Лесной ауылдық кітапханасының кітапханашысы 3-4 сынып оқушыларымен «Адам құқықтары» тақырыбында құқық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларға адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін таныстыру, заңдарға және олардың орындалуына оң көзқарасын қалыптастыру, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету. Балалар алған білімдерін ертегі викторинасының сұрақтарына жауап бере отырып, кейіпкерлердің құқықтары бұзылған әдебиет туындыларын еске түсіре отырып тексерді: жеке басына қол сұғылмаушылық, өмір мен бостандық. Оқырмандар әртүрлі өмірлік жағдайларды сомдады, содан кейін сұрақтарға жауап бере отырып, оларды талқылады.