«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Қазақ» газетінің алғашқы санының жарыққа шықанына 110 жыл толуына орай «Уақыт үні» тақырыптық сөресін дайындады. Сөреге газеттің құрылуы және авторлары туралы деректі материалдар орналастырылды. 1913–1918 жылдар аралығында 265 нөмір шығарылды. Бүркеншік атпен мақала авторлары қазақ халқының әлеуметтік–саяси өмірін тілге тиек етіп, білім беру және іс қағаздарын жүргізуге қазақ тілін енгізу мәселелерін көтерді. «Қазақ» газеті өз мүдделері, құқықтары мен бостандықтар үшін күресте қазақ қоғамының топтасуында үлкен рөл атқарды.