Балаларды Ауған соғысының тарихымен таныстыру, сондай-ақ патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ауғанстан жолдарымен» патриоттық сағатын өткізді. Іс–шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 34 жылдығына ұйымдастырылды. Кездесу барысында балалар Кеңес одағы 15 мыңнан астам азаматынан айырылған бұл соғыс 10 жыл бойы созылғанын білді. Соғысқа үйлеріне аман–есен оралған ауыл тұрғындары да қатысты. Кездесу соңында «Сен менің жадымдасың Ауғанстан» бейнеролигін көріп, «Ауғанстан жолдары» тақырыбында кітап көрмесімен танысты.