34 жыл бұрын Ауғанстанда он жылдық соғыс аяқталды. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерін Ауғанстан аумағынан шығару басталды. Бұл күн күнтізбеде қызыл түспен белгіленбеген, бірақ оны еліміздің мыңдаған азаматтары атап өтеді. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Ауған эпосы» ақпараттық–патриоттық сағатын өткізді, оның құрметті қонақтары Лукаш Александр Иванович пен Булыга Иван Иванович болды. Іс–шараға қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскерге шақырылушылармен жұмыс жөніндегі орынбасары Абуов Берік Бахиұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Татьяна Марковна Волоткевич, 8 сынып оқушылары мен ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері қатысты.
Балаларға Ауғанстандағы әскери іс–қимылдардың басталуы туралы, оларға қатысқан Федоровтықтар туралы айтылды. Соғыста қаза тапқандар мен бейбіт уақытта көз жұмғандардың рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Іс–шара тақырыптық бейнероликтермен және «Солдат войны не выбирает» фильмімен сүйемелденді. Іс–шара аяқталғаннан кейін барлығына Ауғанстандағы соғыс, сарбаздардың батырлығы мен ерлігі туралы деректі және көркем кітаптар мен материалдар жиналған «Соғыс туралы дерек» кітап көрмесімен таныстырды.