Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баннов жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Тіл – адам жанының кілті» тақырыбында ақпараттық сағатын өткізді. Іс – шара Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.К. Тонатовамен бірлесіп, балалармен конкурстар, ойындар, викториналар өткізді. Сондай – ақ, шолуда «Тіл – болашақтың кілт»» тақырыптық сөресі ұсынылған. Балалар көрмедегі кітаптармен танысқаннан кейін қызығушылық танытып, үйге оқуға алды. Кездесу жылы және достық атмосферада өтті.