Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Денсаулық – баға жетпес байлық» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. «Денсаулық – жаға жетпес байлық» көрмесінің бірінші бөлімінде салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы жалпы сипаттағы әдебиеттер ұсынылған. Ю. Лисицинаның «Нұсаулық туралы кітаптары», Л. Лещинскийдің «Денсаулықты сақта», В. Михайловтың «Біз денсаулықты таңдаймыз!» және тағы басқалар. Көрменің екінші бөлімі «Есірткі – тозаққа апаратын жолда» ХХІ ғасырдың жаһандық проблемасы – нашақорлық мәселесі туралы ақпарат бар. Авторлар Н. Қайырмұхаммед «Темекі, арақ, есірткі», А. Әлімжанов «Нашақорлықтың қасіреті», Ф. Хасанов «Расплата за дурман» және басқа да жазушылар нашақорлықтың дамуының қоғамдық қауіпті сипатын ашып, сондай – ақ осы зұлымдықпен күресуге бағытталған барлық шараларды қарастырады. Көрме «Біздің сергектіктің құпиялары» бөлімімен аяқталады. Мұнда өзіңізге, денсаулығыңызға, табиғатқа және айналаңыздағы адамдарға дұрыс көзқарас, спортқа деген сүйіспеншілік және жаман әдеттердің болмауы туралы әртүрлі әдебиеттер бар - мұның бәрі салауатты өмір салтының негізі. П. Царфистің «Табиғат және адам денсаулығы», Питер Гетшенің «Өлімге әкелетін дәрі–дәрмектер», Г. Малаховтың «Сауықтыру Заңдары» және басқа авторлардың кітаптарында біздің өміріміздің ережелері туралы пайдалы ақпарат бар, оларды сақтау денсаулық пен бақытқа жетудің дұрыс жолы болып табылады.