Мәселені талқылау Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мектеп мұғалімдері дөңгелек үстелге қатысты. Кіріспе бөлімде кітапханашы қатысушыларды мемлекет басшысының мақаласымен таныстырды. «Қазақ латыны» бейнесі көрсетілді, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты - жаңа графиканың күрделілігін анықтау үшін жаңа алфавиттік жобаны түсіндіру. Қатысушылар, бекітілген әліпбиімен танысып, талқылауға қатысты. Сондай-ақ, жұмыс барысында латын графигінде қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасымен танысуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты акция өтті. Іс-шара аясында дөңгелек үстелге қатысушыларға өздерінің аты-жөнін латын әріптерімен жазуларын сұрап және естелікке суретке түсіруге ұсынды. Қатысушылар осы акцияға қатысып өз ойларымен бөлісті. Бұл іс-шара өте қарқынды түрде өттті және барлық қатысушылар біздің Президентіміздің саясаты еліміздің эволюциялық дамуына толықтай бағытталған деген ортақ пікірге келді.