Гвардияшы-панфиловшылардың ерліктері туралы әңгімені тұрғындар аса жоғары сезімталдықпен, толғаныспен тыңдады, сонымен қатар олар майдан оқиғалары туралы естеліктермен бөлісті. Іс-шараға «Панфиловшылар аңызға айналған батырлар» бейнеролигі, панфиловшылар туралы деректі және әдеби кітаптардан тұратын кітап көрмесі пайдаланылды. Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Панфиловтың туғанына 125 жыл толды. Уақыт зырылдап өтуде. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін, жандарын қиған батырларды ұмытпауға тиістіміз.