1 наурыз күні Придорожный ауылдық кітапханасында «Алғыс айтқым келеді»акциясы өтті. Кітапханашы Ю. Р. Паладуца өз оқырмандарын «Алғыс айту күнімен» құттықтап, бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығының, сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ «Рахмет» сөзінің пайда болуы, оның әртүрлі тілдерде қалай естілетіні туралы айтып берді, осы сөздің маңыздылығын және басқа да сыпайы сөздерді, оларды қарым-қатынаста жиі қолдану қажеттілігін еске салды. Кітапханаға келген барлық келушілер мен ауыл тұрғындарына «Алғыс айту күні құтты болсын!» буклеттері сыйға тартылды.