Биыл Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толып отыр. Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов – 20 ғасырдағы қазақ әдебиеті мен кинематографиясының тарихында елеулі із қалдырған ұлы жазушы, драматург, сценарист. Оның «Қазақстаннан келген солдат», «Оянған өлке», «Ұлпан» шығармалары әлем әдебиетінің қазынасына еніп, жазушының есімін ғасырлар бойы асқақтатты. Осы күнге дейін «Парасат жолы» аясында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Көркем сөздің шебері» тақырыбындағы әдеби жаршысын шығарды, онда оның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/3972584376918